Павлодарда Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бөлім басшысы сотталды. Ол аймақтағы темір бұйымдар шығаратын ірі зауытты бопсалаған. Яғни, өндірістегі заң бұзушылықтарға көз жұма қарап, кәсіпорынды ірі айыппұл төлеуден қорғаштамақ болады. Бұл қызметі үшін аса ірі көлемде қаржы талап еткен. Сот күдіктіні 3 жыл мерзімге абақтыға қамауға үкім шығарды.
Әсемқоңыр Сайран №2 қалалық сотының судьясы:
Аса ірі көлемде пара алған. 1 млн 399 мың теңге. «KSP Steel» ЖШС нің бас техникалық жетекшісімен кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша ешқандай мәселе туындамайды. Бәрін өзім реттеп отырамын деп уағдаласқан. Айыпталушыны бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы белгіленді.
Болат Аманбаев