Әлемді алаңдатқан экологиялық проблемалар, оның адамзатқа кері әсері біздің елімізді де айналып өтпейді. Өзбекстанның Самарқан қаласында осы мәселенің тұрақты шешімдерін іздеуге арналған халықаралық жиын өтті. Оған Қазақстаннан адам құқығын қорғау бойынша өкілдер қатысты.
Жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты әлем елдерінің тұрақты дамуына кедергі келтіруі ықтимал жәйттер бар. Соның бірі ғаламдық жылыну процесі. Салдарынан экологиялық күрделі жағдай қалыптасты. Қазақстан бұл тұрғыда тиісті шараларды дер кезінде қолға алып жатыр, дейді отандық сарапшы
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы:
Экологиялық кодекске, отыздан астам заңға Қазақстанда Конституцияда белгіленген адамға таза ауа таза өмір керек, өндірісте жүрген кәсіпкерлер адам денсаулығына зиян келтіретіндей жағдайға баратын болса жауапкершілік қатаңдатылсын деген өзгеріс енгізіліп отыр
Төртінші рет өткізілген форумға БҰҰ, ЕҚЫҰ секілді бірнеше халықаралық бірлестік өкілдері, 200-ден астам сарапшы қатысты. «Экологиялық проблемалар: өзгермелі әлемдегі адам құқығы, тұрақты шешімдерді табу» тақырыбы бойынша ұсыныстар талқыланды.
Шереф Малкоч, Түркияның бас омбудсмені:
Әлем елдері бейбітшілікте, тыныштықта және өзара тату- тәтті өмір сүруі тиіс. Қай жағынан алғанда да. Мейлі ол саясат болсын, қоршаған ортаның тазалығы болсын. Дүниені кірлетуге тырысқан қандай да бір қадамның болашағы жоқ, болуы да мүмкін емес дер едім
Экологиялық аймақтардағы тұрғындардың құқығын қорғау жайы талқыланған форумның маңызы орасан. Бір ғана мысал,осыдан үш жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында «Арал өңірін экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағы деп жариялау туралы» қарар қабылданды. Қазақ- өзбекке ортақ Арал мұндай мәртебеге лайық деп танылған бірінші аймақ.
Базаркүл Отыншиева