EURO 2024: Бүгін «Е» тобындағы кездесулер өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2024: Бүгін «Е» тобындағы кездесулер өтеді

17.06.2024

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының төртінші ойын күні. «Е» тобындағы құрамалар бабы мен бағын сынайды. Алдымен астана уақытымкн кешкі сағат 18:00-де Румыния мен Украина ойнайды. Екі құрама бұған дейін 6 мәрте кездескен. Оның үшеуі румыниялық құраманың басымдығымен аяқталса, үшеуінде украиналық футболшылар жеңіске жеткен. «Е» тобындағы тағы бір кездесу біздің уақытпен 21:00-ге белгіленген. Бельгия мен Словакия Еурокубок аясындағы алғашқы матчын өткізеді. Бұған дейін олар 3 рет шеберлік сынасқан болатын. Оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, біреуінде Бельгияның мерейі үстем болған еді. Бұл екі матч Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал түнгі 12-де Ұлттық арна мен «Qazsport»-тан «D» тобындағы Аустрия мен Франция құрамаларының ойынын тамашалай аласыз.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу