Ақтауда «КазАзот» кәсіпорнынан ауаға лас зат таралған болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «КазАзот» кәсіпорнынан ауаға лас зат таралған болуы мүмкін

17.06.2024

Компанияның құбырларынан будақтап шыққан сары түсті түтінді, тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған. Экологтардың айтуынша, оқиға бүгін таңда болған. Қондырғылардың бірін іске қосу жұмыстары кезінде, технологиялық режимнің ауытқуынан, ауаға нитрозды газ бөлініпті. Осыған орай, мамандар кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізбек.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу