«EURO 2024»: Румыния Украинадан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Румыния Украинадан басым түсті

17.06.2024

Бірер минут бұрын Еуропа чемпионатының «Е»тобындағы алғашқы кездесу аяқталды. Румыния құрамасы украиналықтардан басым түсті. Осы Еурокубокта камбэк жасауға ниетті Сергей Ребровтың шәкірттері қарсыластарының қақпасына бірде-бір гол сала алмағаны өкінішті. Есеп 3:0.

«Е»тобындағы тағы бір кездесу біздің уақытпен 21:00-ге белгіленген. Бельгия мен Словакия Еурокубок аясындағы алғашқы матчын өткізеді. Бұған дейін олар 3 рет шеберлік сынасқан болатын. Оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, біреуінде Бельгияның мерейі үстем болған еді. Бұл екі матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал түнгі 12-де Ұлттық арна мен «Qazsport»-тан «D» тобындағы Аустрия мен Франция құрамаларының ойынын тамашалай аласыз.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу