Астанадағы 20 шақты көшенің аттары өзгертіліп, кейбіріне жаңадан атау берілді. Ономастика комитеті қала тұрғындарының пікірін, әрі тұлғалардың ұлтқа сіңірген еңбегін ескере отырып, осындай шешімге келді.
Бұрынғы Орынбор даңғылы – Мәңгілік ел атауын алды. Ал, бұған дейін Е10 деп көрсетілген көшеге осы Орынбор есімі берілді.
Жобалық атауы 23-31 көшесіне Кенен Әзірбаев есімі берілді. Хусейн бен Талал көшесі - Ұлы Дала даңғылы, Еңбекшілер көшесі - Әлихан Бөкейхан даңғылы атауын алды.
Нұрбек БЕКБАУ