Елорда маңындағы қауіпті бөгет аумағына кіруге тыйым салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңындағы қауіпті бөгет аумағына кіруге тыйым салынған

18.06.2024

Қазір балалардың қауіпсіздігі жіті назарға алына бастады. Өйткені, ел аумағында жазатайым оқиға жиіледі. Айталық, елорда маңындағы әлі құрылысы аяқталмаған су бөгеті астаналық тұрғындардың жиі баратын орнына айналған. Су реттеуіш нысанның екі жағы ашық болған еді. Кейін таспен қаланып, бөгет қойылды.  Алайда, онда барушылардың бірі тастарды құлатып, темір қоршауды сындырып кеткен. Екі күн бұрын әлеуметтік желіге тараған мына видеодан балалардың платинаның үстінде емін-еркін жүргенін анық көруге болады.

Ал қазір бөгет басында құтқарушылар жүр. Олар сарқырап аққан суды тамашалауға барған балалалардың қауіпті аймаққа жақындамауын қадағалайды. Кешке қарай, адам қарасы көбейгенде бұл жерге тәртіп сақшылары да келеді. Жауапты орган өкілдері, дәл осы қауіпті нысанға барып қыдыруға, тіпті суретке түсуге рұқсат жоқ деп отыр. Елорда әкімдігі су бөгетітінің құрылысы екі жылда аяқталатынын айтты.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу