Таразда құтқарушы суға кеткен қос қызды құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда құтқарушы суға кеткен қос қызды құтқарып қалды

18.06.2024

Суға кеткен қыздарды құтқарып алды. Таразда кезекшілікте жүрген құтқарушы шұғыл қимылының арқасында шомылуға барған екі жасөспірімді аман алып қалды. Оқыс оқиға Тектұрмас кесенесі маңын бойлай аққан Талас өзенінде болды.

10 және 12 жастағы жеткіншектер, өзенге әкесімен бірге барған. Алайда әкесі бес баласымен барғандықтан, үйдің үлкендерінен көз жазып қалған. Су бетінде қызық қулап жүрген қыздарды, ағыс ағызып әкеткен. Көмекке шақырғандардың дауысын сол маңда жүрген Айдос Әбілда естіп қалып, тұра ұмтылады. 32 жастағы құтқарушы, су басқандарды 10 минуттың ішінде аман алып шықты. Айта кетейік, аймақта суға шомылуға болатын 13 орын белгіленген. Жыл басынан бері 4 адам суға кеткен. Қазір барлық өзен, көлдердің айналасында рейдтік шаралар күшейтілді.

Айдос Әбілда, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы сүңгуір бөлімінің бас құтқарушысы: 

Әкесі құтқаруға тырысты, бірақ су ағысына төтеп бере алмай, судың ағысымен ағып кетті. Үлкендеуін жаға қарай лақтырып, өз-өзіне тұра алатын болғаннан кейін екінші кішкентай қыз ол жүзе алмайды, оны көтеріп сыртқа қарай шығардым.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу