Жеке куәлік пен банк картасында қандай деректерді жариялауға болмайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке куәлік пен банк картасында қандай деректерді жариялауға болмайды?

18.06.2024

Алаяқтардың көбі, азаматтарға хабарласып, банк картасы мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін сұрайды. Олардан опық жемес үшін қандай қауіпсіздік қағидаттарын білген жөн. Бөтен адамға қандай деректі айтуға болады, қайсысын хабарлауға болмайды. Сонымен, банк картасының 16 таңбалы нөмірін, ондағы латын әрпімен жазылған аты-жөніңізді ашық көрсете беруге болады. Бірақ, карта жұмысының аяқталу мерзімі мен артқы беттегі 3 таңбалы СВВ кодын ешкім білмеуі керек.

Ал, жеке куәліктегі аты-жөніңіз бен туған ай-жылыңызды хабарлауға болады. Дегенмен құжаттағы ЖСН нөмірі мен куәлік нөмірін ешкімге айтпаған абзал. Сондай-ақ, куәліктің фотосын өзгеге жібермеу керек.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу