Павлодар облысында «Экодесант» жасағы тазалық акциясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында «Экодесант» жасағы тазалық акциясына қатысты

19.06.2024

Павлодар облысының қала мен аудандарында «Экодесант» жұмысқа кірісті. Бұл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қолға алынған жоба. Қолдарына күрек, қап ұстап үй аулаларын, балаларға арналған ойын алаңдарын күл-қоқыстан тазалаған жастарда тыным жоқ. Үзіліс кезінде сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарына кіріп, арнайы дайындалған үнпарақтар таратты.

Арман Ысқақов, ерікті:

Осындай «Таза Қазақстан» жобасы пайда болғаннан кейін өзімнің үлесімді қосқым келді. Бетімді бояп осы әскер сияқты шығып осылай таңертеңнен бастап қаланы тазалап жүрмыз. Мен осы жобаға үлкен кісілерді, ағаларымды, әпкелерімді, бауырларымды шақырамын. Себебі, Павлодар қаласының таза болғанын қалаймын. 

Тазалық сақшылары үшін шаңғы базасында экологиялық тимбилдинг ұйымдастырылды. Тазалық акциясы бүгін аудандарда да өтті.

Айғаным Құралбай, студент:

Өзіміздің тұрып жатқан жергілікті мекеніміз үшін біз ешқашан шаршамаймыз. Оның көркейуіне, әсем болуына әрқашан еңбектенеміз. Біз осыны жасамағанда басқа кім жасайды. Біздің ерік-жігеріміз, күш-қуатымыз әлі де тасып тұр. Осындай жастардың арқасында біз өзіміздің Отанымыздың, өзіміздің еліміздің, туған жеріміздің осылай асқақтап, көркейуіне үлес қосуға әрқашан дайынбыз. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу