Алматыдағы ҚазҰУ аумағында жас жігіт қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ҚазҰУ аумағында жас жігіт қаза тапты

20.06.2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аумағында 17 жастағы бозбала қаза тапты. Оқиға білім ордасындағы субұрқақтың жанында болаған. Жігіттің өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алайда, бейресми деректерге сүйенсек, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға келген талапкер субұрқаққа түскен, сол кезде оны тоқ соққан болуы мүмкін. ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған азамат университет студенті емес. Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу