Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады

20.06.2024

Елімізде 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Президентке есеп берді. Шыңғыс Әріновтің сөзінше елордада пилоттық жоба ретінде тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана іске қосылған. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Кездесуде азаматтық қорғау академиясының құрылысы мен авиация паркін жаңарту туралы да айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және министрлік құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Каспий теңізінің жағасында ұлттық теңіз жасағын құру туралы баяндадым. Бұдан бөлек Президентке қазіргі таңда жүргізіліп жатқан құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғаныс қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. 

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу