Еліміздегі 12 мыңнан астам такси жүргізушісі e-Salyq Business платформасына тіркелді. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. Пилоттық жоба такси жүргізушілері үшін өте қолайлы, - дейді мамандар. Себебі салық кірістің тек 1%-інен алынады әрі салық бойынша, есеп берудің де қажеті болмайды. Ол автоматты түрде жүзеге асады. Алдағы уақытта жеткізу қызметін ұсынатын компаниялар да пилоттық жобаға қосылмақ.
Аида Ахметбек