Алдағы он күнде еліміздің бес өңірінде, атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Ұлытау облыстарында құрғақшылық болуы мүмкін. Синоптиктер осылай деп ескерту жасады. Сондай-ақ, алдағы күндері еліміздің батысындағы аптап ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы климаттық қалпына келеді деп болжануда. Ал, республиканың солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауса, оңтүстік аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады.
Ақмаржан Ғафизқызы