Қазақ киносының қоржыны тағы бір тарихи туындымен толықты. «Возрождение аралы» атты отандық фильм шынайы оқиғаға негізделген. Кино Арал теңізіндегі Возрождение аралында орналасқан «Бархан» әскери базасындағы құпия операцияларды баяндайды. Қызықты хикаяға толы фильмді кинотеатрлардан көруге болады.
«Табиғат сұлулықты жаратады, ал адам құбыжықтарды тудырады». Тарихи драманың ұраны осы. 1992 жыл. Қауіпті әрі өте қорқынышты, әлем картасында бейнеленбеген «Бархан» әскери базасы. Ержүрек қазақ ғалымы биологиялық құпия қаруды сынау кезінде адамдардың өмірін сақтап, халықаралық апатты болдырмау үшін соңына дейін күреседі.
Дулыға Ақмолда, актер, Қазақстанның халық әртісі:
Мені қуантып отырған мәселе – осы тақырыптың бірінші рет көрсетілуі. Халық осыны көрсе екен, таныса екен, көбірек білсе екен деп ойлаймын. Бірінші мәселе бұл. Екінші, киноның сәтті шығуы. Түсірілім біткесін, шынымен, өзіңіз айтқандай, дөп түсіп тұрсыз, әттеген-ай мына жері былау болу керек еді деген ойлар мазалайды.
Десе де, ең мықты актерлардан құралған топ 6 ай түсірілімді абыроймен алып шықты дейді режиссер. Осы уақыт аралығында шығармашылық ұжым 100 мың шақырымды жүріп өткен. Фильм Арал теңізінің сұлулығы мен бәз-баяғы қалпын көрсету үшін маңғаз Маңғыстау мен асқақ Алатау бөктерінің көрікті жерлерінде түсірілген.
Айсұлу Онаран, режиссер, сценарист:
Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау – өз қолымызда. Кинода Арал теңізінің тартылуы, экологиялық апатпен жергілікті халықтың күресуін барынша шынайы көрсетуге тырыстық. Әрі фильм ата-бабамыздан мұра боп қалған туған жерді болашақ ұрпақ үшін аман сақтауға үндейді.
Кинотуындының соңғы сәндеп,безендіру, дыбыстау жұмыстары Лондон мен Лос-Анджелес қалаларында әлемдік киномамандармен жүргізілген. 1,5 сағатқа созылатын, құпияға толы тарихи фильмдібарлық кинотеатрдың Кинопарк және Киноплекс желілерінен тамашалауға болады.
Жазира Оразқызы