«Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады». Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде осындай тақырыпта ардагер жазушылармен кездесу өтті. Шара 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылды. Оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, мемлекеттік қызметшілер, Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қатысты. Мақсат – аға буын мен өскелең ұрпақтың арасындағы сабақтастықты жандандыру.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Бұның негізгі мақсаты Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады, деп Мемлекет басшы айтқан. Осыған сәйкес қызметтегі негізгі мақсатымыз - түбегейлі санасын өзгерту.