Шымкенттегі дендросаябақтың басшылығы 14,7 млн теңгені жымқырмақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі дендросаябақтың басшылығы 14,7 млн теңгені жымқырмақ болған

21.06.2024

Шымкенттегі дендросаябақтың басшылығы мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл депараментінің мәліметі бойынша, саябақ директоры, кадр бөлімінің басшысы мен бас бухгалтер 15 миллион теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденбек болған. Олар қызметкерлерді жұмысқа қағаз жүзінде ғана алып, жалақысын өздері алып келген. Тексеруден соң саябақ басшылығы алаяқтық әрекетін мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық өтеді. Іс сотқа жолданды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу