Үндістанның Ассам штатында тасқыннан 160 мың адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Ассам штатында тасқыннан 160 мың адам зардап шекті

21.06.2024

Үндістанның Ассам штатында толассыз жаңбырдан тасқын басталды. Соңғы мәліметке қарағанда, өзендер арнасынан асып, 160 мыңнан астам адам зардап шеккен. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, бұл штатта мамырдың соңынан бері алапат тасқындар мен лай көшкіндерінен 30 шақты адам қаза тапты.

Үндістанда су апаттары кемінде 100 адамның өмірін қиған аптап ыстықпен тұспа-тұс келіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу