EURO-2024: Словения-Сербия құрамалары тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO-2024: Словения-Сербия құрамалары тең түсті

21.06.2024

Германияда өтіп жатқан ала доп аламанының екінші айналымы тартысты өтіп жатыр. Кеше өткен үш матчтың екеуі тағы тең нәтижемен аяқталды. Ал, Италия құрамасын жеңген Испания плей-офф сатысына шықты. Еуропа чемпионатының кезекті күніне Ерсін Ерік шолу жасайды.

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің екінші тур ойындары жалғасуда.

Мюнхен қаласында Словения-Сербия құрамалары арасында тартысты ойын өтті. Бірінші ойындарында Даниямен тең түскен Словениялықтар бұл матчта да бірінші болып есеп ашты. Жан Карничник көзге түсті.

Алайда Сербия құрамасының шабуылшысы Лука Йович ойын соңында есепті теңестіріп Сербия құрамасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Дәл осы топтағы Дания-Англия кездесуінде де жеңімпаз анықталмады. Алдымен Хари Кейн қарсылас қақпасынан саңылау тапса, Мортен Хьюлманн таразы басын теңестіріп кетті.

Кристиан Эриксен, Футболдан Дания құрамасының ойыншысы:

Бірінші таймды өте жақсы өткіздік. Жылдам есепті теңестіргеніміз дұрыс болды. Себебі екінші таймда жағдай тіпті қиындап кетер еді. Алайда жеңіс үшін ойнадық. Бірақ қолымыздан келмеді. Ең бастысы бізде тағы бір ойын бар. Қателесуге болмайды.

Ойын соңына дейін таблодағы есеп өзгермеді. Дания құрамасы қоржынына тағы бір ұпай салса, Англия құрамасы 4 ұпаймен плей-офф сатысына жақындай түсті.

Джон Стоунз, Футболдан Англия құрамасының ойыншысы:

Мақсатымыз үш ұпай алу еді. Бірақ ойлағанымыздай болмды. Өзіміздің үздің ойынымызды көрсете алмадық. Ең бастысы жеңілмедік. Бұндай турнирде әрбір ұпай маңызды. Бір жағынан қарасаң нәтижеге ойнаған да дұрыс. Бастысы топтан шығуымыз керек. Келесі ойында үш ұпайды уыстан шығармаймыз деген ойдамын.

Ағылшындар екі ойында да бір голдан артық соға алмады.Матч барысында Англия құрамаысының жанкүйерлерінің Гарет Саутгейтке наразылығы анық көрінді.

Кевин, футбол жанкүйері:

Бас бапкерді түсінбеймін. Командасында Кеше ғана Чемпиондар лигасын жеңген Беллингем бар, Баварияның шабуылшысы, менің сүйікті ойыншым Хари Кейн бар. Бірақ олар шабуылда өте әлсіз. Олар мүлдем шабуылдай алмайды. Менің ойынмша Дания екінші таймда гол соғып, жеңіске жетуге лайықты болды. Бір ғана тамаша мүмкіндіктен гол соқты.

Испания Италия арасындағы ойында бір ғана гол матч тағдырын шешіп кетті. Ойынның 55 минутында Рикардо Калафьори өз қақпасына байқаусызда гол соғып алды. Екі матч қатарынан жеңіске жеткен Испания құрамасы плей-офф сатысына шықты. Дегенмен әлі де келесі кезеңге шығу мүмкіндігі Италия, Хорватия, Албания құрамаларында бар.

Ерсін Ерік

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу