Инфрақұрылым, өңдеу және агроөнеркәсіпке ерекше қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инфрақұрылым, өңдеу және агроөнеркәсіпке ерекше қолдау көрсетіледі

21.06.2024

Бюджет шығысының тең жартысы ұлттық қор және қарыз есебінен өтеліп отыр. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Парламенттің бірлескен отырысында осылай деді. Соңғы жылдары шығыс артып келеді. Сондықтан бюджет тапшылығын 1 деңгейде ұстап тұру жеткіліксіз. Олай болмаған жағдайда Мемлекет басшысының ұлттық қордың валюталық активтерін 100 млрд доллрға жеткізу қиындайды. Ал үкімет қазына қаржысына қайта-қайта сұрау жасамас үшін экономика өсімін 6 пайызға жеткізу бағытында жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде құрылыс, көлік және байланыс салаларындағы көрсеткіш жоғары. Экономикалық өсудің негізгі драйвері ретінде инфрақұрылым, өңдеу және агроөнеркәсіп салалары ерекшеленіп отыр. Бұл салаларға ерекше қолдау жасалмақ.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу