«Қазақстан» телерадиокорпорациясы алғаш рет көрермендерге ашық есік күнін өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған шарада қонақтар корпорацияға қарасты телеарналарға экскурсия жасап, бағдарламалар студиясымен танысты. Сондай-ақ, экраннан көріп жүрген тележүргізушілермен және арна қызметкерлерімен тілдесті.
Қазмедиа орталығында экскурсия көп өтеді. Бірақ, ашық есік күні бірінші рет ұйымдастырылды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйытқы болған шараға 20 адам келді. Көпшілігі Астана тұрғыны. Арасында өзге облыстан келген көрермендер де бар.
Асылбек Данияр, тілші:
Қазір біздің қонақтарымыз «Қазспорт» телеарнасының студиясында. Жүргізушілер келушілерге интерактивті ойын ойнатып жатыр.
Назерке Мұратқали, Семей қаласының тұрғыны:
Арнайы осы студияларды өз көзіммен көріп, әсер алып ерекше эмоциямен қайту үшін келдім.
Асылбек Данияр, тілші:
Қазір қонақтарымыз «Ақпараттың» студиясында. Осыдан бірер минут бұрын жаңалықтар бөлімінің қызметкерлерімен сөйлесіп, материалдарды қалай әзірлеу керектігі, эфирге қалай беру керектігі туралы біраз мәлімет алды. Ал, қазір біздің бір қонағымыз студияға жайғасқан. Өзін жүргізуші ретінде байқап көріп жатыр.
Әуесхан Мереке, қала тұрғыны:
Тікелей эфирде жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап етеді екен. Мен соны байқай алдым. Мен бүкіл журналистердің еңбегін жоғары бағалаймын.
Көрермендер «Балапан» телеарнасы мен ұлттық арна бағдарламаларының студиясын көріп, шығармашылық ұжыммен кездесті.
Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:
Бірінші тәжірибеміз, біз үшін өте пайдалы болады деп үміттенеміз. Себебі, сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды. Жастар көбінесе келіпті. Әдетте телевизияны, Ұлттық арнаны үлкен кісілер көреді деп есептейді. + 01:23 Сіздердің жүздеріңізден көрініп тұр біздің аудиторияға жастар көп қосылып жатыр.
Асылбек Данияр