Таразда оқушылар арасында өткен «Зерделі» олимпиадасы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда оқушылар арасында өткен «Зерделі» олимпиадасы аяқталды

21.06.2024

Есепке жүйріктердің еңбегі ақталды. Таразда оқушылар арасында «Зерделі» олимпиадалық академиясының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті. Бір аптаға жалғасқан білім бәйгесіне 10 өңірден 700-ге жуық бала қатысты. Олардың барлығы академия аясында жыл бойы математикалық қабылеттерін шыңдаған шәкірттер. Сондықтан өрендер өзара кім мықтыны анықтады. Жас математиктер командалық әрі жеке дара есеп шығарудан жарысқа түсті. Сайыс қортындысы бойынша барлық бала марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Кейбірі академияда оқуға мүмкіндік беретін бір жылдық грант ұтып алды.

Ақжарқын Серікбайқызы, олимпиада грантының иегері:

Осы олимпиадалық академияның арқасында өзімнің бюілімді шыңдадым және де көптеген жетістіктерге жеттім. Мысалы зис мектебіне 100 пайыз грант ұтып алдым. Өзіме жақсы орта, жақсы достар таптым.

Рысбек Мәуіт, «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталықтарының негізін қалаушы:

Бізде көп жағдайда 3-ші, 4-ші, 5-ші сыныптарда балалардың мынау логикаға, олимпиадаға бағыттары дұрыс болмай жатады. Біздің олимпиадалардың көбі 9-шы сыныптан басталады. Сондықтан осы теңсіздікті жою мақсатында +мұндай жарыстар, сайыстар өзін өсіруге керек.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу