Ал, Қытай тасқынмен күресіп әлек. Елдің шығысында бірнеше күн бойы жауған жаңбыр әбігерге салды. Елді мекендер суға кетіп, сан мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Табиғи апаттан егістік алқаптары жойылды. «Си-си-ти-ви» телеарнасының хабарлауынша, Гуандунь провинциясының Мэйчжоу қаласында 9 адам қаза тауып, алтауы жоғалып кетті. Бұл аймақта екі өзен тасып, халықты эвакуациялауға құтқарушылар мен қайықтар қосымша жіберіліп жатыр. Болжамдарға қарағанда, шығыста алдағы күндері тағы да толассыз жауын жауады.