Еуропа чемпионатының екінші тур аясындағы Словакия мен Украина матчының қорытындысы 1:2. Украина футбошылары жеңіске деген жігерлік танытты. Роман Яремчeк 80-ші минутта екінші голды салып, өз құрамасына маңызды үш ұпайды сыйлады.
Енді шамамен бір жарым сағаттан кейін Польша мен Аустрия құрамалары кездеседі. Ойынды «Qazsport»-тан тамашалай аласыз. Ал Нидерланд пен Франция футболшылары 23:50-де Лейпциг қаласындағы аренада шеберлік сынасады. Бұл кездесуді «Qazsport» және Ұлттық арнадан көре аласыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=EURO 2024: Украина футболшылары жеңіске деген жігерлік танытты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/195575/)