Ақтөбе облысында дельтаплан пилоты көктен құлап, қаза тапты. Оқиға Мұғалжар ауданы, Жарық ауылының аумағында болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қаза тапқан азаматтың жасы 43-те. Азаматтық қорғаныс авиациясы комитетіндегілер төтенше жағдайдың өндірістік жұмыс барысында болғанын айтты. Бұл оқиғаға қатысты Көлік министрлігі тарапынан арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жақсыбек Кемал