EURO - 2024: Нидерланд пен Франция кездесуі тең аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO - 2024: Нидерланд пен Франция кездесуі тең аяқталды

22.06.2024

Футболдан Еуропа чемпионатының сегізінші ойын күнін D тобындағы Нидерланд және Франция құрамалары түйіндеді. Есеп 0 де 0. Бірінші турда франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе жарақат алып, қосалқы құрамға қалдырылды.Кездесудің 69-минутында Нидерланд құарамысының жартылай қорғаушысы Хави Симонс гол соққан еді. Төрешілер ол ұпайды ережеге сай емес деп, есепке алған жоқ.

Бүгін E тобында Бельгия мен Румыния ойнаса, F тобында Грузия мен Чехия, Түркия мен Португалия доп додасында бақ сынайды. Еске салсақ, бұдан бұрын D тобындағы Австрия Польшаны 3:1 есебімен жеңсе, Е тобында Украина құрамасы Словакияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.


Хабарламаларға жазылу