Отарда мерзімді әскери қызмет атқарып жүріп, ес-түссіз күйге түскен сарбаз оянды. Сүйінші хабарды жас жігіттің ата-анасы әлеуметтік желіде жария етті.
Дегенмен, 19 жастағы сарбаздың ішкі ағзалары әлі қалпына келген жоқ. Емделіп жатыр, өзі сөйлей алмайды.
Әзірге күніне 6-8 сағатқа медициналық седация арқылы ұйықтатады. Өйткені сол аралықта ем-шараларын жасайды. Алда ұзақ оңалту және қалпына келтіру процесстері жүреді.
Естеріңізде болса, 9 маусым күні Жамбыл облысының Қордай ауданында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген сарбаз ауруханаға түскені хабарланғанбыз. Дәрігерлер 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозын қояған. Нұржігіт Әбділпаттаның анасы әлеуметтік желіге бейнеүндеу жариялаған соң Мемлекет басшысы осы оқиғамен мұқият танысып, бақылауына алған болатын.
Қаракөз Тұрмағамбет