«EURO 2024»: Шотландия құрамасы турнирден шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Шотландия құрамасы турнирден шығып қалды

24.06.2024

Еуропа чемпионатның топтық кезеңі аясында үшінші тур ойындары басталды. Кешегі кездесулердің қорытындысы бойынша, Шотландия құрамасы турнирден қалыс қалды.

Қоржынында 6 ұпайы бар Германия құрамасы Швейцариямен кездесті. Бірінші таймда 20 жастағы Дэн Ндойе Нойер қақпасынан саңылау тауып, матч есебін ашып кетті.

Ойын барысында Юлиан Нагельсман шәкірттері бірнеше шабуыл жасап есепті теңестіре алмай қойды. Тек матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Никлас Фюлькруг Германия құрамасы үшін маңызды гол соғып, ойын тең есеппен аяқталды.

Янн Зоммер, футболдан Швейцария құрамасының қақпашысы:

Бүгін біздің команда үшін жақсы ойын болды, тек соңғы минутта гол кіргізіп алғанымыз өкінішті, бірақ біз ең бастысы финалда екенімізді білеміз және бұл өте маңызды. Біз барлық ойында жақсы өнер көрсеттік деп айта аламын.

Екі команда да топтық кезеңде жеңілмеді. Алдағы ойын күндері плей офф кезеңіндегі нақты қарсыластары анықталады

Йозуа Киммих, футболдан Германия құрамасының ойыншысы:

Менің ойымша, біз бұл нәтижеге қуануымыз керек, әрине жеңгіміз келді, бірақ тек соңғы минутта ғана есепті теңестіре алдық. Ойын өздеріңіз көргендей қиын болды. Шабуылда гол соға алмай қойдық. Дегенмен осы нәтижеге де біз қанағаттанамыз.

Бұл топтағы екінші матч Шотландия-Венгрия құрамалары арасында өтті. Екі ұжымға да бұл кездесуде жеңіске жету өте маңызды болды. Алма кезек шабуылда белсенді болған командалар таблодағы есепті өзгертуге барынша тырысқанымен, нәтиже шығару қиынға соқты. Төреші қосқан қосымша 10 минутта Венгрия футболшылары жеңісті голды соғып кетті. Осылайша, Кевин Чобот өз командасына плей-офф кезеңіне шығатын тамаша мүмкіндік сыйлады.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу