Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккен 172 отбасыға пәтер сатып алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккен 172 отбасыға пәтер сатып алынды

24.06.2024

Ақмола облысының Атбасар, Бұланды, Жарқайың және Есіл аудандарында 273 баспананың құрылысы басталды. Тағы 172 отбасыға пәтер сатып алынды. Жалпы, өңірде суда қалған екі мыңға жуық үйдің 551-і тұруға жарамсыз болып қалды. Қалғанын қалпына келтіруге болады. Тасқын кезінде зардап шеккен 1558 отбасына біржолғы әлеуметтік жәрдем берілді. Оларға 578 миллион теңгеден астам қаражат төленді.

Сағдат Құсайынов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Екі айдың ішінде ақша бөліп, бізге жаңа пәтер алуға көмек жасады. Мына тұрған үйден пәтер алдық. Екі бөлмелі. Жаңа үй негізінде. Біз ризамыз. Бір емес, бірнеше квартираны көрдік. Тұрған жеріне байланысты. Балалар ойнауға өте ыңғайлы болғандықтан осы үйді таңдадық.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу