Елімізде ипотека рәсімдейтіндер азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ипотека рәсімдейтіндер азайған

24.06.2024

Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша жыл басынан бері 8,5 мыңнан астам қазақстандық үй алу үшін ипотека алған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 16 пайызға аз. Қазір елде 558 мың адамның ипотекалық несиесі бар. Олардың жалпы қарызы 6 триллион теңге. Ипотекалық қана емес, автонесие көлемі де азайған. Мәселен жыл басынан бері 14 мың 500 автонесие рәсімделді. Бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 10 процентке аз.

Сондай-ақ, кредиттік бюроның хабарлауынша, алтын қымбаттап барады. Қазір оның бір граммы 35 мың 300 теңге. Бұл рекордтық көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, геосаяси ахуал мен экономикалық, қаржылық тұрақсыздықдың кесірінен алтынға сұраныс артқан. Яғни, активтерін сақтағысы келген инвесторлардың бағалы металға қызығушылығы артқан.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу