ҚР СІМ: Қазақстандықтардың Грекиядағы өртке қатысы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР СІМ: Қазақстандықтардың Грекиядағы өртке қатысы жоқ

24.06.2024

Грекиядағы аралдың өртенуіне Қазақстан азаматтарының қатысы жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, «Грекияда Қазақстан азаматтары отшашу жасап, орман өртеді» деген ақпарат тараған еді. Аталған жайтқа байланысты Қазақстан консулы Грекия билігіне хабарласқан көрінеді. Сол елдің полициясы, ұсталғандар арасында отандастарымыздың жоқ екенін айтқан.

Ал, Италияда отандасымыз вандализм үшін ұсталды. Ол тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазған. Тәртіп сақшылары барлық қажетті әрекет аяқталғаннан кейін қазақстандықты босатқан. Одан әрі сот талқылауы әкімшілік тәртіппен жүргізіледі. Ер адам келтірілген шығынды өтеуі керек. Сыртқы істер министрлігі, азаматтарға туризм мәдениетін сақтауды және баратын елінің заң-талаптарын алдын ала біліп, бұзбауға шақырды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу