Мемлекет басшысы Словения Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Словения Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

25.06.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады. «Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта.


Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу