Маңғыстауда мұнай компанияларының басшылары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда мұнай компанияларының басшылары ұсталды

25.06.2024

Маңғыстауда 1 миллиард теңгеге жуық қаржы ұрлады деген айыппен мұнай компанияларының басшылары ұсталды. Құзырлы органдар аймақта мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнына тексеру жүргізіп жатыр. Нәтижесінде «ОйлТранспортКорпорейшн» серіктестігінің лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 миллиард теңгеге техникалық талапқа сай келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Олар көліктердің бағасын 400 миллион теңгеге қымбат бағалаған.

Сондай-ақ, жұмыс істемеген арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге аударған. Ал осы компанияның мердігер ұйымы «West Oil Software» серіктестігі жұмыс істемеген адамдарға жалпы сомасы 400 млн теңге жалақы төлеген. Олардың ішінде компания басшылығының жақын туыстары да болғаны белгілі болды.

Қазір 4 лауазымды тұлға ұсталып, сотқа дейінгі тексеріс басталды. Осы Маңғыстаудағы тағы бір ірі кәсіпорын «МАЭК» -тің жарық үшін мемлекетке қарызы 14 миллиард 210 миллион теңгеге жеткен.


Ардақ Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу