«EURO 2024»: Бүгін қандай командалар бақ сынайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Бүгін қандай командалар бақ сынайды?

25.06.2024

Германияда өтіп жатқан Еуропа Чемпионатының үшінші тур ойындары бүгін де жалғасады. Кешке «С» мен «D» тобындағы шешуші матчтар болады. Нидерланд пен Аустрия құрамаларының кездесуін Qazsport көрсетсе, Франция-Польша матчын Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар. Екі ойын да біздің уақытпен кешкі 20:50-де басталады. Ал «С» тобындағы кездесулер түнгі 23:50-ге белгіленген. Дания-Сербия және Англия-Словения матчтарын Qazsport пен Ұлттық арна бір уақытта көрсетеді.


Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу