1 млрд 100 млн теңгеден астам қаражат Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға бағытталады. Үкімет бұл ақшаны өңірдегі электр желілерін қалпына келтіруге бөліп отыр. Тиісті жұмыстар Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая, Кеңтүбек – Бөрлі ауданындағы Александровка және Шыңғырлау ауданындағы Ащысай елдімекендерінде атқарылуы керек. Қаражат өңірлік бюджетке аударылады. Ал әкімдік Энергетика министрлігіне желтоқсанның 1-не дейін жұмыс нәтижесі жөнінде есеп беруі тиіс.
Қаркөз Тұрмағамбет