«Диуани лұғат ат-түрк» - түркіге ортақ құнды еңбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Диуани лұғат ат-түрк» - түркіге ортақ құнды еңбек

26.06.2024

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі жәй ғана сөздік емес, ол тұтас бір дәуір туралы құнды тарихи мағлұмат беретін энциклопедия. Көне шығарманың жазылуының 950 жылдығына орай Бішкекте өткен жиында түрколог ғалымдар осындай пікір айтты. XI ғасырда жазылған шығармада түркі халықтары мен тайпаларының тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімдері, мифологиясын мен халық әдебиеті туралы құнды зерттеулер бар. Бауырлас елдерден келген ғалымдар Махмұд Қашқари еңбегін түрлі бағыттарда зерттеу ортақ тарихымызға қатысты құнды мәліметтер беріп қана қоймай, өзара ынтымағымызды да арттыра түсетініне тоқталды. Шараға Түркі академиясы мұрындық болды.

Шаһин Мустафаев, Түркі академиясының президенті:

«Диуани Лұғат ат-түрік» - түркі халықтарының ең маңызды тарихи қолжазбасы десек қателеспейміз. Биыл осы шығарманың 950 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатыр. Барлық түркі халықтары бұл кітапты өзінікі санайды. Себебі бұл тарихи құнды еңбекте түркі тілдерінің даму сатылары жан-жақты зерттелген. Сондықтан бұл шығарма біздің халықтардың бірлігі мен болашағы үшін өте маңызды.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу