«EURO 2024»: Топтық кезеңнің соңғы ойындары тартысты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Топтық кезеңнің соңғы ойындары тартысты өтіп жатыр

26.06.2024

Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңдегі соңғы ойындар тартысты өтіп жатыр. Нидерданд-Аустрия кездесуінде жанкүйерлер 5 голдың куәсі болды. «С» тобындағы екі ойында да есеп 0-0.

Австрия құрамасы сапында Романо Шмид пен Марсель Забитцер көзге түсті. Ал Нидерланды құрамасында Коди Гакпо, Мемфис Демай бір голдан соқса, Доньелл Мален ойынның 6 минутында өз қақпасына автогол соғып алды.

Ал Франция-Польша ойынында жеңімпаз анықталмады. Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты. Ойын соңына қарай Роберт Левондовский таразы басын теңестіріп кетті. Нәтижесінде D тобында плей-офф кезеңіне Австрия құрамасы бірінші, ал Франция екінші орынмен, Нидерланды үшінші орынмен шықты.

Дания-Сербия қанша шабуылда белсенді болғанымен қақпаларына саңылау табу қиынға соқты. Ал Англия құрамасына қарсы ойнаған Словения командасы үшінші ойын қатарынан тең нәтиже тіркеді.

Ерсін Ерік, тілші:

Словения құрамасы Англиямен тең ойнады және Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Керемет матч өтті. Сөз жоқ.

Ерсін Ерік

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу