Алматыда метро құрылысына бөлінген 5 млрд теңгені жымқырғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда метро құрылысына бөлінген 5 млрд теңгені жымқырғандар сотталды

26.06.2024

Алматыда метроны салу кезінде 5 млрд теңге жымқырды деп айыпталған он адамға үкім шықты. Бас көлік прокуратурасының дерегінше, «Метрополитен», «Алматыметроқұрылыс», «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» мекемелерінің бұрынғы басшылары 2018-2020 жылдары метро құрылысына керек-жабдық құнын 10 есе қымбат көрсеткен. Артық ақшаны жалған фирмалар арқылы иеленген. Сот оларды 7-8 жылға соттап, құны 1 млрд теңгеден асатын дүние-мүлкін мемлекет пайдасына берді.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу