Сенат жанындағы сарапшылар клубы жаңа жинақты таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жанындағы сарапшылар клубы жаңа жинақты таныстырды

26.06.2024

Сенат жанындағы сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің мүшелері Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған жаңа жинақты таныстырды. Ондағы тақырыптар кедейлікті жою, денсаулық сақтау мен білім деңгейін арттыру, су сапасын жақсарту және экономикалық өсу мәселелеріне бағытталған. Жинақ алдағы уақытта мүдделі мемлекеттік органдарға, талдау орталықтарына және университеттерге жіберіледі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бұл жинақта Қазақстанның дамуы жолындағы ең маңызды да өзекті тақырыптар қаузалған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Орнықты даму саласындағы мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссия құрылғаны белгілі. Бұл зерттеулер мен аналитикалық материалдар елдің орнықты дамуы жолында депутаттарға, мемлекеттік органдарға сарапшыларға өз тиімділігін көрсетеді деген сенімдеміз.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу