Атом электр станциясын салу туралы шешімді халық қабылдайды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, осылай деді. Оның сөзінше, энергия тапшылығы бүгінде экономикамызды дамытудағы басты проблемаға айналған. Ал цифрлық техннологияны, жасанды интеллект пен өндірісті дамыту үшін қосымша қуат көзі аса қажет.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Керек пе, керек емес пе, шешімді халық жасайды. Біз билік тарапынан ұсыныс әрі қарай халық ақпаратты қорытып шешім қабылдайтын болады. Сондықтан қазақстандықтар бұл референдумда ұстанымын нақты көрсетеді деп сенеміз.
Айя Мүтәлі