Сенат Адам саудасы құрбандарының құқығын қорғайтын заңды мақұлдады. Енді адамды құлдыққа салу, құлдыққа сатумен байланысты қылмыс бойынша жаза күшейеді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, елімізде жыл сайын дәл осындай 150-ге жуық қылмыс тіркеледі. Оның ішінде, адам саудасы құрбандарын жалдаумен және қанаумен айналысатын трансұлттық топтардың да, заңсыз әрекеттерінің жолы кесіледі. Бұдан бөлек Сенат вандализмге қарсы заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Енді, бөтеннің мүлкін бүлдіргендер, 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Ал айыппұл көлемі 369 мың теңгеден 738 мың теңгеге, яғни екі есеге дейін ұлғаймақ. Тағы қайталаса немесе топпен жасаса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
Бұл тарихи мұра нысандарын, тарихи және мәдени ескерткіштерін, Үкімет қорғайтын тарих нысандарын сурет пен басқа да адамгершілікке жатпайтын әрекеттермен қорлау деп танылып отыр. Ұғым қала береді. Ал жаза күшейтіледі.
Оған қоса, Парламент букмекерлерді жарнамалауға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Енді онлайн-казиноларды ұйымдастырушылар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бәс тігуге қатыса алмайтын азаматтардың да, тізімі анықталды. Мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлер, бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығаралады. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Бұл шамамен 280 мың адамға қатысты.
Мирас Төлебаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Бұл заң 21 жасқа толмаған азаматтардың құмар ойынын ойнауға тыйым салады. Тәуелді адамдарға медициналық оңалту мен консультациялық медициналық бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларына электрондық казино, интернет-казино, құмар ойындар, бәс тігу жарнамасы бар мәтіндік хабарламаларды жіберуге тыйым салу қарастырылған.
Айя Мүтәлі