Павлодар қаласында әлеуметтік маңыздағы тауарлардың бағасы қатаң бақылауға алынды. Себебі кәсіпкерлер тарапынан тауар құнын шарықтатып жіберу дерегі көбейген. Мәселен өткен жылы 42 сауда орны жазаланса, биылғы алты айда 95 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың кейбірі өнімнің үстеме бағасын 15 пайызға емес, 200 пайызға дейін шарықтатып жіберген. Жақында қадағалаушы орган қарақұмық бағасын 50 пайызға түсірді.
Дәулен Қабдөшев, Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:
Кәсіпкерлік нысаны тауар бағасын 197 пайызға көтерген. Яғни дүкен иесі қарақұмықты екі есе қымбат сатқан. Нақты айтқанда 198 теңгеден көтерме бағамен алып, оны дүкенде 470 теңгеден сатқан. Кәсіпкер жауапқа тартылды. Ал, қарақұмық бағасы 227 теңгеге түсті.
Болат Аманбаев