Боливияда әскери бүлік әрекеті жүзеге асқан жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда әскери бүлік әрекеті жүзеге асқан жоқ

27.06.2024

Боливияда әскерилердің билікті басып алу әрекеті жүзеге асқан жоқ. Полиция, бүлік жасамақ болғандарды тұтқындады. Бұдан бірнеше сағат бұрын әскерилер ел астанасы Ла-Пастағы президент сарайын басып алуға әрекеттенген еді. Олар мұндай қадамға демократияны қалпына келтіріп, түрмеден саяси тұтқындарды босату үшін барғанын айтады. Дегенмен төңкеріс басталғанда президент қарулы күштер басшылығын дереу ауыстырды. Содан кейін жаңа бұйрық беріліп, сарбаздар резиденцияға шабуылды тоқтатып, әскери бөлімшелеріне орала бастаған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу