Биыл 400 инвестициялық жоба жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 400 инвестициялық жоба жүзеге асады

28.06.2024

Еліміз инвестиция тарту жағынан Орталық Азия мен теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер арасында көшбасшыға айналды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Мәселен былтыр елімізге 27 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылды. Биыл бес айдың көрсеткіші де жаман емес. Ел экономикасына құйылған қаржы 12 миллиард долларға таяу. 2029 жылға дейін тікелей инвестиция көлемі 150 миллиард долларға жеткізілмек.

Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімін 5 жылда 450 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндік береді, - дейді сарапшылар. Айта кетейік, биыл Үкімет 400 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Күні кеше журналистерді марапаттаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту ісін жандандыруды тапсырған еді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу