Алматыда тауда жоғалып кеткен жеті жасөспірім құтқарылды. Олар теңіз деңгейінен 3200 метр биіктіктегі Кұмбел шыңында тұрып қалған. Саяхатшылар 13 пен 17 жас аралығында. Жасөспірімдер демалуға дайындықсыз, тауға шығуға арналған арнайы жабдықтарды алмай шыққан. Олар Көкжайлау арқылы межеге жетіп, кейін төменге түсе алмай қалған. Ақыры құтқарушыларды шақырған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жедел құтқарушы жасағын құрып, шыңды өз бетінше бағындыруды ұйғарған жасөспірімдерді іздеп-тауып, Медеуге дейін жеткізді.
Айдана Қуантхан