Елорда ШЫҰ саммитіне сақадай сай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда ШЫҰ саммитіне сақадай сай

01.07.2024

Астана Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне сақадай сай. Мәртебелі меймандардар легі ертеңнен, Елордаға келе бастайды. Тілшіміз Жандос Темірғали айтулы шараның бас жиыны өтетін сарайға арнайы барып, дайындық барысымен танысты.

Жандос Темірғали, тілші:

Сәулетімен көпті таңдай қақтырған бұл – Тәуелсіздік сарайы. Саммит осында өтеді. Ішінде дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр? Қазір білеміз.

Бұл жерде маңызды шараның ресми бөлімі басталады. Біз қазір мәртебелі меймандар жүріп өтетін дәліздің бойында келе жатырмыз. Мына жерде біздің Елдің басшысы келген қонақтарды қарсы алып, қол алысып, кейін суретке түседі.

Саммит күні ақпарат таратуда іркіліс болмайды. МАСС-медиа өкілдеріне барлық жағдай жасалады. Біз қазір 100 шақты журналистің емін-еркін жұмыс істеуіне арналған баспасөз орталығында тұрмыз. Бұл ғимаратта дәл осындай баспасөз орталығының екеуі бар. Әрбір журналистің алдына осындай соңғы үлгідегі ноудбук қойылады. Және мына жерге назар аударсаңыздар. Мұнда саммитке қатысушылар кезекпе кезек шығып, журналистердің сұрағына жауап береді.

Иә, біз қазір саммит өтетін кешеннің ең маңызды нүктесіндеміз. Бұл жерде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Қазір мұнда еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғаны таспалайтын бейнекамералар құрылып, дайындық жұмыстары пысықталуда. Залдың іші өте үлкен. Ал мына жердегі дөңгелек үстелде Мемлекет басшылары бас қосады.


Хабарламаларға жазылу