Бұл - Қытайдағы жағдай. Елдің оңтүстік-батысында төпелеп жауған жаңбырдан елді мекендерді су басып жатыр. Әсіресе, Гуйчжоу провинциясының Мяо және Дунь қалаларындағы жағдай қиын. Көшелер өзенге айналған. Талай гектар егістік алқабы жойылып, қайта-қайта лай көшті. «Си-си-ти-ви» телеарнасының хабарлауынша, Ву және Янцзы өзендері тасып жатқандықтан, кейбір аудандарда халықты эвакуациялауға тура келген. Үкімет болса, екі апта бойы тоқтамаған жауыннан зардап шеккендерге көмекке 316 миллион доллар бөлгенін жариялады.