Астанада ШЫҰ саммитіне байланысты жол қозғалысы уақытша өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ШЫҰ саммитіне байланысты жол қозғалысы уақытша өзгереді

02.07.2024

Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті кезінде жол қозғалысы уақытша шектеледі. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 3-4 шілдеде бірқатар көше жабылады. 3-шілде сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін.

Ал 4-шілде сағат таңғы 9:00-ден 19:00-ге дейін Нәжімеденовтен Тәуелсіздік даңғылына дейін, одан жалғасып Аманжолов көшесіне дейін, Аманжоловтан Байтұрсынов көшесіне дейін жол жабылады. Сондай-ақ, бірқатар орталық көшелер бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады.

ШЫҰ саммитіне байланысты 15 автобустың жүру бағыты өзгереді

4 шілде шаһарда бірнеше автобустың жүру бағыты да, уақытша өзгереді. Атап айтқанда, № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 автобустар басқа жолмен жүреді. Олардың өзгертілген бағдар сызбаларын @cts_kz инстаграм парақшасынан көруге болады.

Динара Жақыпбек

Хабарламаларға жазылу