Әуе рейстерінің кестесі өзгеруіне байланысты call-орталықтар іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе рейстерінің кестесі өзгеруіне байланысты call-орталықтар іске қосылды

03.07.2024

Астанада әуе рейстерінің кестесі өзгеруіне байланысты, арнайы колл-орталықтар ашылды. Рейстердің кестесі өзгеруіне бас қалада өтетін ШЫҰ саммиті себеп болып отыр. Әуе кеңістігіндегі өзгерістер 4-ші шілдеге дейін жалғасады.

Колл-орталықтардың нөмірлері экранда көрсетілген. Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталықтарына хабарласа аласыз. Ұшу мерзімі кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда жолаушыларға алдын ала ақпарат жолданады.

Көптеген мекеме мен қызмет көрсету орындарында шектеу енгізілгенімен, медициналық мекемелердің жұмысында өзгеріс жоқ. Жедел-жәрдем, қалалық стационар тәулік бойы жұмысын жалғастырады. Емханалар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу