Сарапшы: Жаһандық мәселелердің түйіні шешілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Жаһандық мәселелердің түйіні шешілуі мүмкін

03.07.2024

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде жаһандық мәселелердің түйіні шешілуі мүмкін деген де болжам бар. Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшыларының пікірі осы. Сонымен қатар олардың айтуынша, Президент ұсынып отырған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері үшін ортақ инвестициялық қор жобасының маңызы зор.

Айнұр Абайқызы, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» кеақ сарапшысы:

Осы ұйымның шеңберінде аймақтағы қауіпсіздік мәселесі көп көтеріледі. Және де ол дұрыс. Өздеріңіз білесіз біздің аймақта Ауғанстан сияқты тұрақсыздық ошақтары өте көп. Сондықтан осы ұйымның шеңберінде есірткіге қатысты стратегия қабылданбақ. Экстремизм, терроризм, сепаратизмге қарсы күрес жөніндегі бағдарламалар қабылдану көзделген.

Еркебұлан Қуанбай, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» кеақ сарапшысы:

Қазақстанның бастап отырған бір бағдарламасы ортақ инвестициялық қор құру. Себебі ШЫҰ экономикалық ұйым емес немесе саяси әскери блок емес, диалогтық алаң болып отыр. Сондықтан осы мемлекеттерде инфрақұрылым мен энергетика, қоршаған ортаға арналған жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы керек. Президент бұл арнайы инвестициялық қор құруды ұсынып отыр. Аймақта көлік логистикаға қатысты, энергетикаға байланысты арнайы жобалардың құрылысына жауап беретін арнайы қор болмақшы. Әзір бұл талқыланып жатыр.


Хабарламаларға жазылу